• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Қазақстанның "Құрметті Ардагер теміржолшысы" Алдаберген Амандық Қалиұлымен кездесу кеші

25-қаңтар күні облыстық кітапхана техникалық әдебиеттер бөлімінде майталман теміржолшы, Қазақстанның "Құрметті Ардагер теміржолшысы", "ҚР Журналистер Одағының" мүшесі, Мұнайлы ауданының  "Құрметті азаматы", "Құрмет белгісі" Ордені және 20-дан астам медалдың иегері Алдаберген Амандық Қалиұлымен кездесу кеші өтті

Алдаберген Амандық Қалиұлы – Маңғыстау облысының теміржолы туралы кітап жазған бірден-бір авторы: "Маңғыстаудың күре тамыры", "Теміржолдың түп қазығы", Махаббат өрімі", "Өмір мен аңыз", "Өмір өрнектері"," Жұлдыздай аққан жылдар-ай", "Шешілген түйін", "Түбекті түлеткен теміржол", "Жоли баба" және "Аманат". 

Кездесу кешіне ардагер-теміржолшылар, журналистер мен жазушылар, мемлекеттік қызметкерлер – О.Көшбайұлы, М.Қибасов, Ү.Жәлеке, У.Қожахмет Шабайұлы, Д.Аралбай, С.Төлетов, Ч.Әбіловтер  келіп тағылымды әңгімелерін айтып, ақ тілектерін жеткізді. Маңғыстау облысының теміржолының тарихы жөнінде мәнді, мағыналы мәліметтер айтылды.

Іс-шараға, сонымен бірге, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты Қарақия аудандық шекара басқармасының сарбаздары және М.Тынышбаев атындағы колледждің студенттері қатысты. Ал, А.Алдаберген, А.Ғабитқызы кеш кейіпкерінің өлеңдерін оқыды. Кездесуге келгендер ардагер теміржолшы, жазушы Амандық Қалиұлымен естелік суретке түсті.

 



Астанада 1-2 қазанда Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының мәдениет күндері өтті.. Астаналықтар өңірлердің ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, ауыл ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Маңғыстау облысы ауылшаруашылығы " атты энциклопедяның тұсаукесері өтті. ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай    өлкеміздің талантты тумасы ақын, сазгер, ...

Жаңалыққа өту  

Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының халық әртісі,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері, суырыпсалма ақын, эпик ақын, жүйрік жырау – Қашаған ...

Жаңалыққа өту  

17 қараша күні оқу залында Ұлағатты ұстаз, "Республика халық ағарту ісінің озық қызметкері» Сәния Жалғасбаева Тұрарқызының «Уәж»  атты кітабының ...

Жаңалыққа өту  

22 қазан күні оқу залында "Әруағыңнан айналайын Ер Бекет" атты әңгіме Бекет атаның  туғанына 265 жыл толуына арнап өтті. Кешке Маңғыстау облыстық ...

Жаңалыққа өту  

2015 ж. 15 қазан күні  Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық қонақжайда  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 23 қыркүйек күні қалалық жастар ұйымы  «Ақжол» партиясы мүшелерімен кездесу өтті.Кездесу барысында еңбек ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу